Конституциялық реформа-ел дамуының негізгі тірегі. Құжаттың тарихи маңызы да жоғары. Бүгін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде кездесу өткізді. Заң жобасын талқылап, құжаттың мәніне тоқталды.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Елімізде Ата Заң мәтінінің 84 пайызы жаңарды. Конституцияның жаңа жобасы соңғы алты ай бойы белсенді түрде талқыланып, 77 бапты қамтитын ауқымды өзгерістер енгізілді. Жоба әзірлеу барысында халықтан түскен 2 мыңнан астам ұсыныс ескерілген.
Кездесуде Сәрсен Абайұлы Конституция жобасындағы өзгерістер жайлы пікір білдірді.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қолданыстағы Конституцияда мемлекет басқарушы субьект ретінде қарастырылады.Ал қазіргі Заңда адамның өмірі мен құқығы алдыңғы орынға қойылған.Яғни мемлекеттің басты байлығы сонда өмір сүретін халық болып белгіленді.

 АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Жиында жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер, саяси жүйені жаңғырту және мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері қаралды. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған жаңа нормалар талқыланды.


АЙСАНА СМАН, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр.Мұндағы мақсат-адам және азаматтың даму жолы, қоғам мен мемлекет арасындағы маңызды қарым-қатынасты реттеу үшін жасалатын реформа.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Ата Заң жобасына   қатысты кез келген Қазақстан азаматы өз ұсынысын жолдай алады. Ол хабарлама түскен сәттен 15 күннің ішінде қаралады. Ал жаңа Коституция бойынша нақты шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады.