Келес ауданынның тумасы,  көрнекті ақын Тоқаш Бердияровтың  туғанына 100 жыл.  Осыған орай «Келестің ыстық топырағы-ай» атты облыстық композиторлар байқауы өтті. Бұл кеште  шайырдың  шығармашылығы жаңаша қырынан насихатталып, рухани мұра кеңінен дәріптелді. Облыс көлемінен жиналған өнерпаздар жыр мен сазды ұштастырған тағылымды кеш сыйлады.

 Мерекелік іс-шара ақын рухына тағзымнан басталды. Алдымен Тоқаш Бердияровтың өмірі мен шығармашылығын қамтыған арнайы көрме көпшілік назарына ұсынылды. Дара тұлғаның өмір жолынан сыр шертетін деректер мен бейнематериалдар көрсетілді.  Көрермендерге арналып «Келестің ыстық топырағы-ай» атты театрландырылған көрініс сахналанды. Бұл қойылымда  ақынның туған жерге деген ыстық сезімін бейнеленді.

Облыстық байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімі Жәнібек Есенұлы сөз сөйлеп, жиналған қауымды айтулы мерейтоймен құттықтады. Сондай-ақ Тоқаш Бердияров атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің «Өлең өлкесінің дарабозы» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.


ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ, КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Тоқаш Бердияровтың шығармаларында туған елге деген сүйіспеншіліктің елмен жерге деген адал қызмет етудің жарқын көрінісі байқадлады. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар 30 ға жуық кітап шығарған. Келестің ыстық топырағы ай өлеңі ұлт руханиятына қосқан алтын көпір.

 Байқау шарты бойынша облысқа қарасты аудан-қалалардан келген үміткерлер ақынның бұрын жарияланбаған өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Өнер додасына 15-тен астам қатысушы бақ сынап, «Туған жер», «Білмеймін», «Көктем», «Келестің топырағы-ай», «Шардара алаңы», «Таң», «Өмірге ғашықтық» сынды әндер шырқалды. Бұл байқау ақын мұрасын жаңғыртып, ұлттық өнерге жаңа серпін берді.