Атазаңға ауқымды өзгерістер енбек. Онда Конституция мәтінінің 84 пайызын құрайтын 77 бап қарастырылған. Өзгерістер жаңа Қазақстанды қалыптастыруға оң ықпал ететін болады. Мегаполисте Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кеңес өтті.
Кеңесті ашқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа Конституция жобасының ел үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерген болатын. Бұл реформа саяси жүйені кешенді жаңғыртуға және жасанды интеллект дәуірінде елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауға бағытталған.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Реформаны жалпы ұлттық деңгейде талқылау қазан айынан бастап осы уақытқа дейін талқылаулар орын алды. 2000 мыңнан аса ұсыныстар қаралған болатын. Ұлттық құрылтай отырыснда президентіміз парламенттік реформаны іске асыру бойынша конституциялық өзгерістерге қатысты өз пікірін білдіріп өткен болатын.
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы аталған жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы конституциялық өзгерістерге қатысты өз көзқарасын ұсынды. Айта кетейік, 21 қаңтарда құрамына 130 адам енген Конституциялық комиссия құрылды. Комиссия мүшелері Ата заңға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды мұқият зерделеген.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Конституциялық реформа елдің саяси жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға қоғаммен билік арасында сенімді нығайтуға бағытталған негізгі қадам. Қолданыстағы конституция Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуына мемлекетті орнықтыруда тарихи міндетін орындады. Алайда әлемдегі геосаяси жағдайдың өзгеруіне ғылым мен технологияның қарқынды дамуына құқықтық жүйені жаңаша пайымдауды талап етуде.
Кеңесті қорытындылаған қала әкімі жаңа Конституция елдің тұрақты, қауіпсіз және орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті. Ол жоба қоғам мүддесін толық қамтуы үшін барлық азаматтарды талқылау процесіне белсенді қатысуға шақырды. Кеңес іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қолдайтындықтарын білдірді.