Волейболдан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты басталды.Кезекті рет ұйымдастырылған жарысқа өңірдің аудан-қалаларынан келген 14 команда қатысты.Жалпы саны 180-ге жуық жас спортшы бірнеше күн бойы тартысты кездесу өткізіп, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтайды.


Бехруз Сабыржанов-Сайрам ауданының спортшысы.Волейболдан бес дүркін жеңімпаз атанған жас өрен чемпионатта топ жарып,  биіктерді бағындыруды қалайды.


БЕХРУЗ САБЫРЖАНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Осы сәтке дейін облыстық чемпионаттарға қатысып келеміз.Бес рет жеңімпаз атандық.Ендігі мақсатым-осы чемпинаттан бірінші орын алу.


Тартысты додада жасөспірімдер ерекше ойын өрнегін көрсетті. Өңірдің үздік спортшыларын жасақтау мақсатында ұйымдастырылған чемпионатта жеңімпаз атанғандар Өскеменде өтетін жарысқа жолдама алады.


 ИСА РАЙЫМХАНОВ, АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Бұл жолы барлық команда жақсы дайындықпен келген.Бүгін іріктеу ойындары болса, ертең ақтық ойындар басталады.Жалпы, облыста волейбол қарқынды түрде дамып келеді.


Облыста соңғы жылдары спорттың бұл түріне қызығатындар саны артқан.Бәсекелестік те қалыспай келеді.Ал бұл чемпионатта топ жарғандар облыс құрамасының қатарына қабылданады.