Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады. Жауапты сала басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге түйіткілді мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.
Қабылдауға Түркістан қаласы, Бәйдібек, Төлеби, Жетісай, Мақтаарал және Сайрам аудандарының тұрғындары қатысты. Азаматтар тұрғын үй мен жер алу, ескерткіш орнату, қоғамдық ұйымның жұмысына қолдау көрсету, ұялы байланыс қызметінің сапасын арттыру мәселелері бойынша арыз-шағымдарын жеткізді. Сондай-ақ білім беру, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту салаларына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын айтты. Нұралхан Көшеров әрбір өтінішті мұқият тыңдап, барлық мәселенің заң аясында шешілуін жеке бақылауына алатынын жеткізді. Тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Бірқатар мәселе қабылдау барысында оң шешімін тапты.