Ұлттық құрылтайда елдің алдағы даму бағдары айқындалған маңызды мәселелер айтылды. Алқалы жиында еліміздің рухани-мәдени мұрасына, ұлттық идеологияға қатысты бастамалар және елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту шешімдері ортаға салынды. Аталған ұсыныстарға қатысты жұрттың пікірін білу үшін тілшілеріміз арнайы сауалнама жүргізді. Шымкент тұрғындарының пікірін тыңдайық.
- Ұлттық құрылтайда Таза Қазақстан жобасына ерекше тоқталды. Экологиялық акцияның одан әрі жалғасып келе жатқанын құптаймын. Тазалықты жастардың, халықтың санасына сіңіру өте маңызды. Осының арқасында біз нағыз өркениетті және алдыңғы қатарлы ел боламыз.
- Құрылтайда Абай ілімін ерекше атап өтті. Ұлы ақынымыздың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізуді қолдаймын. Ойшылдарымызды мерейтойы кезінде ғана еске аламай, тұрақты түрде дәріптеп жүруіміз керек.
- Автокөлік жолдарының салынуы маңызды бағыттардың бірі. Өзім Сарыағаш бағытында көп жүремін. Онда көлік қоғалысы өте тығыз. «Сарыағаш айналма жолының» салынатыны мені қатты қуантты.