Шымкентте пышақ жарақатынан тағы бір әйел көз жұмды. Оқиға кеше түскі уақытта орын алған. Алдын ала деректерге сәйкес, күдікті жәбірленушіге жеке бас араздығы салдарынан пышақ жарақатын келтірген. Жәбірленуші алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы полицияға куәгерлер хабар берген.
Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, күдіктіні ізін суытпай ұстады. Алайда қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес табельдік қару қолдануға мәжбүр болған. Қазіргі уақытта күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, полицияның күзетіне алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.