Білім басқармасына қарасты бірқатар мектептер мен колледждерде барлығы 2063 бос орын бар.


Педагогикалық лауазымдар бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарына 1165, техникалық және кәсіптік білім беру саласына 170, арнайы және қосымша білім беру ұйымдарына 155, орталықтарға 35, сондай-ақ 543 кіші қызметкер қажет. Мәселен, Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназияда 84 орын бос болса, Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясына 55 маман қажет. Сонымен қатар №45 мектеп-гимназияда 47, Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейде 38 бос орын бар. Ал техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде Саз колледжіне 65, Политехникалық колледжге 33 және Жол-көлік колледжіне 24 педагог қажет.