Қала әкімі шаһардағы жол-көлік инфрақұрылым саласындағы негізгі жобалардың жүзеге асырылуымен танысты. Тұран ауданында А-2 айналма жолын қайта жаңғырту барысын тексерді. Бұл аумақ көлік ағынын қайта бөлуде және орталық магистральдардағы жүктемені жеңілдетуде стратегиялық маңызға ие.
Мердігер ұйымға жұмыс кестесін қатаң сақтау және құрылыс сапасына қойылатын талаптарды бұлжытпай орындауды тапсырды. Әрі қарай Еңбекші ауданында Момынов көшесіндегі автокөлік өткелінің аумағын абаттандыру және Тіленшин көшесінде теміржол арқылы өтетін жаңа жол өткелінің құрылысын қарады. Жобалардың жүзеге асырылуы өткізу қабілетін арттыруға, кептелісті азайтуға және автокөлік пен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қаратау ауданында Ақсүмбе көшесін жөндеу және Алтынсарин көшесін қайта жаңғырту жұмысын тексерді. Бұл нысандар шағынаудандар арасындағы көлік қатынасын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы маршрут қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұдан бөлек Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысымен танысты. Жоба қаладағы ең жүктемесі жоғары қиылыстардың біріндегі қозғалысты оңтайландыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық шешім. Аралау қорытындысы бойынша жауапты басқарма мен мердігер ұйымдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Негізгі міндет жұмыстың уақытылы орындалуын, сапалы іске асырылуын және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.