Патриотизм-ел келешегінің биік іргетасы. Отансүйгіштік тарих мен мәдениетті құрметтеп, туған жерді қастерлеуден басталады. Елін сүйген азамат ғана қоғам дамуына сүбелі үлес қосады. Сыр өңірінде өткен ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы ел патриоты болу азаматтық жауапкершілік екенін атап өткен болатын. Ал бұл ұғымды қала тұрғындары қалай түсінеді?
- Патриотизм деген-Отанды сүю, тілді құрметтеу, тарихымыз бен мәдениетімізді қастерлеу.
- Патриотизм туған жерді қадірлеуден бастау алады.Біз сияқты егде тартқан кісілер жастарды осы ұғымға тәрбиелеп, Отанды сүюге шақыруы керек.
- Патриотизм-тарихты түгендеу, тілді қастерлеу.Отансүйгіштікті дәріптеу әрбіріміздің ерекше міндетіміз деп санаймын.