Мегаполисте дүбірлі дода. «Металлург» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында қазақ күресінен қалалық біріншілік өтті. Айтулы жарысқа үш жас ерекшелігі бойынша 300-ге тарта жас балуан қатысып, қаланың намысын қорғайтын құрама мықтылар анықталды.


 Биылғы жылдан бастап олимпиадалық бағыттағы спорт түрлеріне және қазақтың ұлттық спортын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақ күресін дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданып, болашақта оны мектеп бағдарламасына енгізу жөнінде арнайы жүйе қарастырылуда. Қазақ күресінен Шымқаланың өрендері республикалық жарыстарда алдыңғы орындардан көрініп жүр. Белдесу барысында спорт мектебінің бапкерлері жылдар бойы дайындаған шын шеберлерінің жеңімпаз болуына үміт артты.


 Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында бас жүлдені жеңіп алған осы мектептің тәрбиеленушісі, жерлесіміз Марат Байқамұров «Қазақстан барысы – 2025» республикалық турнирінің көп жылдан кейінгі жеңімпазы атанды. Бұл жетістік қаншама баланы боз кілемге жетелеп келеді. Жарыстың ашылу салтанатында қалалық қауымдастық төрағасы Асхат Мәуленов балуандарға сәттілік тіледі.


 ОЛЖАС КЕНЕХАНОВ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА БАПКЕРІ
Осы жарыстың өтуіне қалалық қазақ күресі федерациясы үлкен қолдау білдірді. Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері дәл осы жарыста бақ сынауда.


Аса тартысты өткен белдесулер қорытындысында кіші құрама, жасөспірімдер және балалар құрамасының мүшелері анықталды. Бас жүлдеге ие болған балуандар Ақтауда өтетін республикалық додаға жолдама алды.