Шымкенттік полицейлер 25 млн теңгенің мал ұрлығын әшкереледі. Жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары ұрланған ірі және ұсақ қара малды анықтап, заңды иесіне қайтарды. Қылмысқа шаруашылықтың екі жұмысшысының қатысы бар екені белгілі болған. Полицияға жергілікті тұрғын шаруашылық нысанынан малдың жоғалғаны жөнінде арызбен жүгінген.


 Келтірілген материалдық шығын көлемі 25 миллион теңгені құраған. Тергеу барысында күдіктілердің малды кедергісіз тасымалдау үшін бірнеше рет электр қуатын және бейнебақылау камераларын әдейі өшіргені анықталған. Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.