Қазығұрт аудандық прокуратурасы интернет алаяқтықтан сақ болуға шақырады. Түркістан облысында өткен акция аясында прокуратура қызметкерлері адам көп шоғырланатын жерлерде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Олар күмәнді адамдарға және белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, жеке шотыңыздың бұзылғаны немесе сыйлық ұтып алғаныңыз туралы мәлімдемелерге сенбеуді, жеке мағлұматтарыңызды әлеуметтік желілерде жарияламауды ұсынады. Сондай-ақ, алаяқтықтың жиі кездесетін түрі, сату туралы хабарландырудағы жоқ тауарларға алдына-ала төлем жасамау керектігін ескертеді.


БАҚЫТЖАН БАЙМАҒАНБЕТОВ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Түсіндіру жұмыстары барысында прокуратура қызметкерлері тұрғындарға күмәнді қоңырауларға алданбау, жеке деректерді бөгде тұлғаларға бермеу, интернет желісінде қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ, алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына уақытылы жүгіну тәртібін түсіндіруде. Бұл іс-шара азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау деңгейін арттыруға, қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпке деген сенімді нығайтуға, сондай-ақ, алаяқтық қылмыстарының алдын алуға бағытталған.