Президент бастамасымен қолға алынған Таза Қазақстан эко акциясы өнімді нәтиже көрсетіп келеді. Тұрғындар арасында экологиялық мәдениет қалыптасып, оң көзқарас дамыды. Жобаны ілгерілету мақсатында «AMANAT» партиясы да өнімді жұмыс істеп, қала тазалығына елеулі үлес қосып келеді.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
«Экологиялық акция жыл он екі ай жалғасады. Белсенділер ауа-райының құбылмалы мінезіне қарамай қыр-даланы кезіп аула-аумақты күл қоқыстан тазартады.»


«AMANAT» партиясы «Таза Бейсенбі» жобасын бастағалы екі жылға жуық уақыт өтті. Осы аралықта олар 90 сенбілік ұйымдастырып, 80 тоннадан аса қоқыс жинады. Тал-дарақты ақтап, көше орындықтарын әрледі. Көшет отырғызып, ағаш түптерін қопсытты. Игі іске еріктілер мен тұрғындарды да жұмылдырып, экологиялық мәдениет қалыптастырды.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Өздеріңіз көріп отырсыздар ауа-райына қарамай апта сайын «Таза бейсенбі» акциясын жүйелі түрде өткіземіз.»


Кезекті сенбілік Қаратау ауданы аумағында өтті. Оған бес бірлік техника жұмылдырылып, коммуналдық қызметкерлер мен әкімдік өкілдері және «Аманаттықтар» қатысты. Олар төпеп тұрған қарға қарамай жұмыс істеп, жапырақ үйінділерін жинады.


ҚАЛДЫБЕК ӘЛІБЕК, ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ
– «Таза Қазақстан» және «Таза бейсенбі» Қаратау ауданы аумағында жүйелі түрде өткізіліп келеді. Одан бөлек күнделікті тазалық жұмыстары да жүргізіледі.» «Мұны тұрғындарға жайлы жағдай жасап, қала аумағын таза ұстау үшін өткізіп отырмыз.»


Қызылордада өткен ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» ұлттық идеологияның ажырамас бөлігіне айналғанын айтты. Президент эко акция бір реттік науқан емес, азаматтық дағды болуы қажетін меңзеді.