Бүгін елдің үшінші мегаполисінде мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті. Шара барысында қатысушылар соңғы заңнамалық өзгерістермен танысып, сатып алу рәсімдерін тиімді жүргізу жолдарын үйренді.


Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері қоғамдық сенімді нығайту мен мемлекеттік қаржыны тиімді басқарудың маңызды құралына айналып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинар сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.


БАҚЫТ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Семинарға 240-қа жуық қызметкер қатысып отыр. Жиын мемлекеттік сатып алу жүйесінде орын алатын мәселелердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.


Семинар барысында сала мамандары мемлекеттік сатып алу процесінде жиі кездесетін қателіктерді талқылады. Сондай-ақ жоспарлау мен конкурс өткізу тәртібі, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ету тетіктері жөнінде ұсыныстар айтылды.


МҰҚАҒАЛИ ЕРҒАЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР
Мемлекеттік сатып алу жүйесінде жеңімпазды анықтауды бұрын ұзақ күтетінбіз. Қазір бұл процесс қысқартылды. Автоматтандыру да бір жолға қойылды. Енді жеңімпазды адам емес, арнайы цифрлық жүйе анықтайды.


Жиын барысында қатысушылар тәжірибелік білімдерін арттырды. Мұнда ұсынылған тәсілдер мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ашық әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.