Көк Ту – егемендігіміз бен елдігіміздің белгісі. Кешегі өткен құрылтайда Мемлекет басшысы мемлекеттік рәміздердің рөліне айрықша тоқталды. Қоғамдық орындарда Көк Тудың желбіреп тұрғанын көргенде қуанып қалатынын айтты. Бұл пікірге ел тұрғындары да қолдау білдірді.

- Мемлекеттік туды әр қазақ құрметтеуі керек деп ойлаймын. Мереке күндері ғана емес, әрдайым қастерлеп жүруіміз қажет.

- Тәуелсіздік күні көршілерімізбен бірге үйіміздің алдына ту іліп қойдық. Оны әрдайым қастерлеп, қадір тұту қажет.

- Көшеде ту ұстап бара жатқан адамдарды жиі байқаймын. Бұл – патриоттықтың белгісі деп ойлаймын.