Елімізде бір палаталы Парламенттің атауы «Құрылтай» болмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысында мәлімдеді. Президенттің айтуынша, «Құрылтай» атауы саяси жүйеде аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақталуы тиіс. Жаңа Парламент құрамына 145 депутат енеді. Ал ұсынылған өзгерістер жайлы тұрғындар не дейді?


- Иә, дұрыс деп ойлаймын. Құрылтай атауының өзіндік мәні мен мағынасы бар.
- Ертеде ата-бабаларымыз келелі мәселелерді осы құрылтайда кеңесіп отырған.Қазақша атау қойғаны дұрыс, меніңше.
- Президенттің әр бастамасын қолдаймын.Елді көркейту үшін істеп жатыр ғой.Құрылтай деп қою керек деп ойлаймын.
- Құрылтай қазақи атау.Парламент сөзі шет мемлекеттен енген. Меніңше, дұрыс шешім.
- Иә, дұрыс деп ойлаймын.Қазақиландыру керек.