Қазақстанда вице-президент болады. Оны Президент өзі тағайындайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда осындай ұсыныс жасады. Ал мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады.
Сөз вице-президент лауазымын енгізу туралы болып отыр. Оның өкілеттік көлемін президент анықтайды. Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық форумдар мен шетелдік делегациялармен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін, парламентте президенттің мүддесін білдіреді, отандық және бірлескен қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени және білім беру ұйымдарымен өзара жұмыс істейді және президенттің басқа да нұсқауларын орындайды деп жоспарланып отыр. Вице-президенттің ресми міндеттеріне қатысты осы негізгі ережелер Конституцияда да көрініс табуы керек,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Қазақстанның саяси жүйесін реформация жасап бүгінгі турбулентті заманда қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен сыртқы периметрінің қауіпсіздігінің қамтамасыз ететін нақты қадам болып табылады. Бұл қадамға президент не үшін барып отыр. Біз турбулентті заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан Қазақстанның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету ол елдің сыртқы периметріне дипломатиялық жұмыспен қауіпсіздік қамтамасыз етуден қалыптасатын болады. Фице президент лауазымының пайда болуы сондықтан. Ол ұлы державалармен тікелей қарым қатынас жасап Қазақстанның ішіндегі әртүрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік топтармен жұмыс істеуге қабілетті тұлға болуы керек.