Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы «Ұлттық цифрлық мұра» жобасын жандандыру жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы бастама аясында Қазақстанның тарихи, мәдени мұрасын сақтауға арналған бірыңғай ұлттық цифрлық платформа құру көзделіп отыр.
Аталған платформа ел аумағындағы құнды мұра нысандарын бір жүйеге біріктіріп, оларды цифрлық форматта қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Қарахан, Айша бибі, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері мен көне Отырар қалашығында цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.