Бүгін үшінші мегаполисте алқа жиыны өтті. Келелі жиында Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер талқыға салынды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру ісін нығайту қажеттігін атап өтті. Көтерілген бастамалар шешім қабылдау үдерісін тиімді етіп, ел дамуын айқындайды. Осылай деген қала әкімінің орынбасары құрылтайда қозғалған тақырыптардың маңызына тоқталды.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осы жерде ерекше айта кететін дүние бар. Ол — Қазақстанның «Халық кеңесі» деп аталатын құрылым. Президентіміз Ассамблеяның атқарған жұмыстарын ерекше атап өтіп, алғысын жеткізді.
Жиынға арқау болған тақырыптардың бірі – мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. Алқа мүшелері ұсынылған реформаларды талқылап, олардың тиімділігін оң бағалады.
КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АРАДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Конституцияға қандай өзгерістер керек екенін арнайы мамандар қарайды. Одан кейін референдум өткізу бойынша комиссияның ұсынысы енгізіледі. Қолымызда бар заңнаманың жартысына өзгеріс енгелі отыр.
Жиында қоғаммен байланысты күшейту мәселелері де талқыға түсті. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік басқаруды тиімді етіп, қоғамдық сенімді арттыруға мүмкіндік беретінін айтады.
БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
Президенттің айқын стратегиялық бағыты еліміздің кез келген сын-қатерге дайын екенін көрсетеді. Ал еліміз қазіргі таңда қарыштап дамып, келешекке нық қадам басып келеді.
Келелі жиында кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Шара соңында алқа жиынының белсенді мүшелеріне арнайы марапат табысталды.