Абайдың «Қара сөздері» қанша заман өтсе де құндылығын жоғалтқан жоқ. Керісінше, керуен көшкен сайын ондағы ойлар өмірдің өзегіне айналып отыр. Күллі қазақтың бағдаршамы болған мәдени мұра енді адамзаттың ортақ игілігіне айналуы қажет. Қызылордада өткен құрылтайда мемлекет басшысы осы мәселеге назар аударды. «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыруда Абайдың «Толық адам» идеясы басты назарда екенін еске салды. Ел ішіне еніп, халық пікіріне құлақ түрдік. Шымкенттіктер хәкім еңбектерін қаншалықты жиі оқиды? Данышпан шығармашылығымен таныс па?
– «Абайды оқып өстік қой, қара сөздерін» «Әлі күнге дейін мағыналы, керек түсініп оқыған адамға»
– «Абайды оқу бір басқа да оны түсініп оқу бір басқа»
– «Бес асыл іске асығуымыз керек, бес қашық істен алыс болуымыз керек.»
– «Абай қазақ қоғамының ар-ожданы десек болады. Оның еңбектері бізге өсиет-өнеге береді.»
– «Қара сөздерінің өзі ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан тәрбие деп айтсақ болады. Оны дәріптеу әрбір қазақтың міндеті»
– «Абайды күнде оқысақ та артықтық етпейді деп ойлаймын.»