Ішкі істер министрлігі "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында тұрмыстық қатты және құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленбеген орындарға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша акция жұмыстарын бастады.  


4 мыңға жуық стихиялық қоқыс орны анықталып, 664 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Жергілікті атқарушы органдарға заң бұзушылықтарды жою жөнінде 2 834 ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде 2 295 қоқыс орны жойылған. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 1 419 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.