Қаңтар айында ауа райы құбылып, қар қалың түсті. Республикалық маңызы бар автожолдар ақ ұлпаға оранып, жүргізушілерге қолайсыздық тудырды. Бірақ жауаптылар дер кезінде әрекет етіп, облыс аумағындағы трассаларды жылдам қалпына келтірді. Ол үшін 221 бірлік арнайы техника дамылсыз жұмыс істеп, 11 мың шақырымнан аса жолды тазалады.