Талай жанның тағдырын табыстырып, сүрінгенге сүйеу, жығылғанға медеу болған «Тағдырластар» клубының құрылғанына 15 жыл толды. Зағип жандарды біріктірген орта талай жанға тың мүмкіндік сыйлап, өміріне жаңа леп берді. Мерейтойға жиналғандар рухани кештің куәсі болып қайтты.


Айнұр Смадияр-Тағдырластар клубының мүшесі. Сегіз жыл бұрын кезекті рет кездесуге келгенде жолдасымен танысыпты. Мұнда мұңы мен сырын бөліскен қос ғашық араға аз уақыт салып, шаңырақ көтерген.


АЙНҰР СМАДИЯР, КЛУБ МҮШЕСІ
2018 жылы клубтың кезекті отырысы өтті.Отырысқа менің жолдасым Қызылордадан арнайы келіп, қатысқан еді.Солай хат алмасып, араласып жүрдік. 2020 жылы шаңырақ көтердік.


2011 жылы құрылған қауымдастық өзге өңірлерден келген жандарға да демеу болып келеді. Бұл ұйым тек зағип жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың өмірге деген сенімін нығайтып, тағдыр тауқыметін бірге еңсеруге үйретеді.


 ЕРБЕК БАКИЕВ, КЛУБ ЖЕТЕКШІСІ
Бұл клубқа келгендер арасында қарапайым болып келіп, әнші болған, тамаша талант иесі атанған жандар жетерлік.Қиын сәттен қалай шығамыз деген тақырыпқа сұрақ іздейміз.


Мерекелік шараға елге танымал әншілер келіп, өнер көрсетті. Жиында қауымдастықтың жетістіктері мен алдағы жобалары сөз болды.


ГҮЛСАРА КАТТАБЕКОВА, КІТАПХАНА ОҚЫРМАНЫ
Осында айына бір мәрте келіп, сырласамыз, мұңдасамыз.Түрлі тақырыптарда талқылау өткіземіз, кітап оқимыз.


Тағдырластар клубы 15 жыл ішінде 200-ден астам іс-шара өткізген. Алдағы уақытта да түрлі жоба жасауды жоспарлап отырмыз,-дейді ұйымдастырушылар.