Түркістан облысында инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында өңірге инвестиция тарту тетіктері мен инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері талқыланды.
Отырыс облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өтті. Жиынға басқарма басшылары, бизнес өкілдері мен инвесторлар қатысты. Кездесу барысында әрбір жобаның іске асу барысы жеке-жеке қаралды.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
2026 жылы 114 млн теңге болатын 4400-ден астам адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі бар.Қазіргі таңда 12 жоба орналасты, алдағы уақытта тағы да екі жоба іске асырылмақ.
Бәйдібек ауданында «Ernur» корпорациясы құс фабрикасы мен құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр. Жоба құны – 7,6 млрд теңгені құрайды. Арыс қаласында 1830 гектар аумақта жаңбырлатып суғару әдісімен жем-шөп өсіру жобасы жүзеге асып келеді. Ордабасы ауданында ірі қара мал сүйегінен май және желатин өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Ал Сауран ауданында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауытты іске қосу жоспарланған.
АЗАТ ОРАЛБАЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауданда соңғы төрт жыл ішінде 173,8 млрд теңгеге инвестиция тартылды. Ал 2025 жылы 59,6 млрд теңгеге инвестиция тартылып, өсім 27,3 пайызды құрады.
Жиында Түркістан қаласы мен бірқатар аудандарда қытайлық инвесторлармен бірлесіп іске асырылатын жобалар жайы тыңдалды. Келіссөздер нәтижесінде Түркістан қаласында бес, Отырар мен Ордабасы аудандарында екі жобаны іске асыру көзделіп отыр.
ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙ, ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жалпы 2026 жылы ауданда жалпы құны 24 млн теңгеден асатын 10 ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.Жоба аясында 400-ден астам адам жұмыспен қамтылады.Жобалар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды.
Шара соңында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Инвестициялық жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек.