"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жоба үш күнге  жалғасты.  Осы аралықта полицейлер жолда жүру қағидаларын бұзған 40 мың азаматты анықтаған.


 Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару — 313 дерек, қарсы бағытқа шығу — 175 факті, міндетті сақтандыру талаптарын бұзу негізінде 1 965 дерек тіркелген. Сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеудің — 2 147 дерегі, көлік басқару кезінде телефон пайдаланудың — 2 698 фактісі, маневр жасау қағидаларын бұзудың — 3 146 дерегі анықталған.


АҚТОТЫ БОРАНОВА, ІІМ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
 – «Өткізілген шара нәтижелері жолда жүру қағидаларын бұзудың салдары жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер етіп, жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін көрсетті. Ішкі істер министрлігі азаматтарды жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық танытуға және қауіпсіздік әрбір адамның жеке жауапкершілігі екенін ұмытпауға шақырады.»