Шымкентте көп қабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмысы жалғасып жатыр. «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2025 жылы көп қабатты 26 үй күрделі жөндеуден өтуде.
Әл-Фараби ауданында 20, Еңбекші ауданында 2, Тұран ауданында 4 үйдің қасбеті жаңартылып, шатыры ауыстырылды. Сонымен қатар, үй кіреберістері мен бастырмалар орнатылып, кешенді жаңарту жұмысы жүргізілді.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Биыл қала аумағында көп қабатты 15 үйдің жалпы мүлкі күрделі жөнделуде. Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданында – 9, Еңбекші ауданында – 4, Тұран ауданында – 2 үй. Айта кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары қайтарымды қаржы есебінен күрделі жөндеу жұмысына «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не жазбаша өтінім бере алады.