Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қосымша корпустың құрылыс барысымен танысты. Орталықта психоневрологиялық ауытқуы бар ересектерге стационарлық қызмет көрсетіледі.


Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Қала әкімі жауапты басқарма басшысына нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз етуді және іргелес аумақты абаттандыруды тапсырды. Әрі қарай реновация бағдарламасы аясында жеке инвестиция есебінен салынып жатқан «Жеңіс», «Ай Барыс» және «Сания» көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысын қарап шықты. Тозығы жеткен тұрғын үй қорын жаңарту қала тұрғындары үшін заманауи әрі жайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мердігер ұйымдарға құрылыс нормаларының қатаң сақталуы мен нысандардың белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, Диваев көшесі бойында салынып жатқан қоғамдық кеңістіктің құрылыс барысымен танысты. Жаңа демалыс аймағы тұрғындардың өтініші бойынша және демеушілік қаражат есебінен бой көтеруде. Жоба аясында серуендеуге және демалуға қолайлы аймақ құру, көгалдандыру, аумақты абаттандыру, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын салу, орындықтар мен көше жарықтандыру шамдарын орнату қарастырылған.