Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2025 жылды қорытындылады. Өткен жылы сотқа 2800-ден астам қылмыстық іс түскен. Өндірісте тұлғаның мүлкін жымқыруға байланысты істер жиі қаралған. Бұл жалпы қылмыс санының үштен бірін құрап отыр. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Мегаполисте 2025 жылы сотқа 3350 тұлғаға қатысты 2856 қылмыстық іс түскен. 2024 жылмен салыстырғанда істер саны тұрақты деңгейде. Қылмыс санаттары бойынша аса ауыр қылмыстар саны – 49, онша ауыр емес қылмыстар 422-ні құраған.
БӘЙДІБЕК ДҮЙСЕБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Сот өндірісінде жиі қаралатын істерді айтатын болсақ, бөтеннің мүлкін жымқыруға байланысты істер жалпы істердің 34,8 пайызын құрады. Үштен бір бөлігі деп айтсақ болады. Оның ішінде алаяқтық – 495 іс, ұрлық – 500 іс.
Алаяқтық бойынша 553 тұлғаға қатысты 495 іс түскен. Жәбірленушілер саны – 1453 адам. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 2,5 млрд теңгеден асады. Ал сыбайлас жемқорлық бойынша 56 тұлғаға қатысты 25 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталған.
БӘЙДІБЕК ДҮЙСЕБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Оның 60 пайызына қатысты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Қалғандарына айыппұл, бас бостандығынан шектеу жазасы қолданылған. Жалпы өткен жылы жемқорлыққа қатысты 189 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Бүгінде 180 млн теңге мемлекет пайдасына төленген.
Жалпы өткен жылы 3387 тұлғаға қатысты 2880 іс толық аяқталды. 2148 іс бойынша үкім шыққан. 505 іс қысқартылып, 112 іс прокурорға қайтарылды. 63 іс бойынша сотталушыларға іздеу жарияланған.