Елімізде Ата Заң мәтінінің 84 пайызы өзгеруі мүмкін. Барлық бөлімдерде жаңашылдық қарастырылып, 77-бапқа түзетулер енгізіледі. Бұл нормалар билік өкілдері мен қоғам мүшелеріне де қатысты. Алайда мемлекеттің біртұтастығына байланысты негізгі нормалар өзгеріссіз қалады.

- Ата Заңның 84 пайызына өзгерту енгізіледі деп естідім. Көптеген реформалар қабылданып жатыр. Меніңше, бұл дұрыс.

- Өзгеріс енгізілуі дұрыс деп ойлаймын. Өзгеріс енгізілсе, заң қайта қаралады. Жаңа бап пен нормалар енгізіледі.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Ата Заңның 84 пайызы жаңармақ. Жаңа жобада Преамбула, 11 бөлім және 104 бап қамтылған. Сондай-ақ «Халық кеңесі», «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім қосылған, төрт бөлімнің атауы жаңартылған. Конституциялық комиссияның мамандары әрбір сөздің мәнін, заңдық және тілдік нақтылығын сақтауға ерекше назар аударып отыр.


 БІРЖАН БАЙТУОВ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ
Кеше мамандар Конституцияның 84 пайызына өзгерістер енгізіледі деп айтты. Ата Заң қайта редакцияланып жатса, елімізді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Президенттің бастамасы мен Құрылтайда талқыланған тақырыптарды уақыт өте келе ұғынамыз деп ойлаймын.


 АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Жобада мемлекеттің мәртебесі нақты айқындалған. Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның ең басты құндылықтары – адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы. Сондай-ақ Конституцияда елдің егемендігі, аумақтық тұтастығы мен негізгі мемлекеттік қағидаттар бекітілген. Ал билікті бөлу жүйесі жаңаша тұжырымдалып, мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуін реттейтін нормалар жетілдірілмек.