Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен «Конгресс-холл» кешенінде «Жас ұрпақ – ел болашағы» атты форум өтті. Оған білім беру саласының 1000-нан астам өкілі мен мектеп психологтары, аудан, қала әкімдері мен құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты.


 Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жастарды қолдау мәселесіне тоқталды.  «Біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз» деді Мемлекет басшысы. Іс шара барысында мамандар бала құқығын қорғау, өскелең ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыру бойынша мазмұнды баянда жасады. Облыс әкімі бала қауіпсідігі – ең үлкен құндылық екеніне тоқталды.


 НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
 - Ата-аналар баласының психологиялық күйіне, өмір қауіпсіздігіне, мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамауға тиіс. Бұл бағытта ведомствоаралық жұмысты жандандыруымыз қажет.»  «Баланың толыққанды даму үшін спорттық, шығармашылық, мәдени үйірмелердің қолжетімділігін арттыра түсеміз.»


 Өңірде психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелі инфрақұрылым қалыптаса бастаған. Психологиялық қолдау орталығы ашылып, білім беру ұйымдарына «111-QR қызметі» енгізілді.  Педагог-психологтардың кәсіби әлеуетін көтеру басым бағытқа айналған. 2024-2025 жылдары 2000-нан астам маман біліктілік арттырып, тәжірибе жетілдірген.


Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев өз сөзінде «Балалар – қоғамның ең үлкен байлығы. Құқық қорғау органдарының мақсаты – әрбір өреннің қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүруіне кепілдік беру.» екенін атап өтті.


МҰРАТ ТЛЕУБЕРДИЕВ , ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ 

– «Әрібір хабарлама бойынша прокуратура мен полиция органдары тиімді әрекет етудің алгоритмін қарастырған. Бұл тәжірибе де өзінің тиімділігін көрсетіп келеді.»


Іс-шара барысында облыс әкімі мен прокуроры  үздік 10 мектеп психологын алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.