Спортшыларға пәтер кілті табысталды. Қала бсшысы Ғабит Сыздықбеков Жапонияның Токио қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстанның намысын абыроймен қорғаған спортшыларды қабылдады. Чемпион мен жүлдегерді құттықтап, отандық спортты дамытуға қосқан үлесі және еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.


 Шадияр Пернеш Сурдлимпиада ойындарында жарыстың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, финалда алтын медаль иеленді. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының еркін күреc бойынша Сурдлимпиададағы жалғыз алтын жүлдесі болып, өңір үшін маңызды жетістікке айналды. Ал, Рсалы Сабыржан үшінші орын үшін өткен белдесуде айқын басымдықпен жеңіске жетіп, қола жүлдегер атанды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент пен еліміздің абыройын халықаралық деңгейде лайықты қорғаған спортшыларға пәтер кілтін табыстады. Мұндай қолдау жаңа жеңістерге жетелеп, спортшылардың кәсіби өсуіне серпін бермек.