Шымкентте тағы 30 отбасы қоныс тойын тойлайды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғын үй кезегінде тұрған 30 отбасыға баспана кілтін табыстадық. Пәтерлер Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан.


Пәтер иелерінің санатында мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар бар. Тұрғын үй қоры қалалық коммуналдық резерв есебінен қамтамасыз етілді, ал пәтерлерді іріктеу мен табыстау рәсімдері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Игі іс-шара алдағы уақытта да жалғасып, тұрғын үй кезегін кезең-кезеңімен қысқартуға және қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталады. Шаһар басшысы қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтап, отбасыларына амандық пен жайлылық тіледі.