Жеті қазынаның бірі саналатын тазы итінің жанашырлары киелі Орбадасыда бас қосты.Ондағы мақсат-тек қазаққа ғана тән осы бір қасиетті құмайдың тұқымын сақтап,санын көбейту.Ерекше көрмеге 40 тан астам тазы  баптаушы қатысты.Сарапшылар мен кинологтар құмай тазылардың  түр-тұлғасына баға беріп,құжаттандыру жұмыстарын жүргізіді.Аталмыш шараны республикалық «Қансонар»қауымдастығына қарасты Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырды.


ҚАНАТ ЖҮНІСБЕК. ТІЛШІ.

Қазақ «қара жерде қоян алған нағыз тазы» деп тазының жүйріктігіне баға берген. Құмай-тазы деп аталуының түп-төркіні осыдан шыққан. Ұлы дала төсіндегі таңбалы тастарда қашалып саныған суреттерде тазының 10-12 мың жыл бұрын пайда болғанын аңғартады.Демек бұл иттің тұқымы бізге мұрагерлік жолмен келген. Бүгінгі сайыстың басты мақсаты сол, сирек кездесетін құмай тазы тұқымын сақтап қалу.


Бауыржан Суханбердиев көрмеге теріскей өңірінен келіпті.Оның «Зымыран» мен «Қарауыз» деген екі тазысы сарапшыларға бірден ұнады.Олардың жүріс-тұрысы мен түр тұлғасыда келісті.Әсіресе, тазалығы мен сұлулығы ерекше көздің жауын алады.Қансонарда екі тазы бетпақ дала төсенен талай аң алған.Бауыржанға тазы баптауды 50 жыл ит ұстап,тазы жүгірткен атасы үйретіпті.  


БАУЫРЖАН СУХАНБЕРДИЕВ,ТАЗЫ БАПТАУШЫ.

Атадан балаға келе жатқан мұра ғой. Осы жастайымыздан осы тазмен айналысып, тазы жүгірткеннен кейін баламды да ертіп келдім.Тазы ит тұқымға жатпайды негізі. Тазының аңға деген қызығушылығы ,Бұның тазалығы ақылдылығы ол иттен өте бөлек.Т\Итпен шатастыра алмайсыз бұны.Бұшл таза жерде жатады таза тамақ ішеді.Не болса соны жей бермейді.


Атам қазақ тазының ең жүйрігін,аң алғыш ұшқырын ғана құмай тазы деп атаған.Қансонарда аңға шыққандағы ептілік пен жылдамдық, әдісқойлық әрекеттері мен батыл қасиеттер  тек құмайға ғана тән. Сондықтан да қазақ  тазы итін ерекше қастерлеген.Бүгінгі шара иесіне адал, иттің  төресі құмай тазы тұқымын сақтап, нағыз қазақы тазыларды дәріптеу арқылы халықаралық аренаға шығару ,дейді ұйымдастырушылар.


АБАЙ БЕРДІБЕКОВ «ҚАНСОНАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРЛІК ӨКІЛДІГІНІҢ  ДИРЕКТОРЫ

Қызығушылық жақсы пайда болып жатыр. Біздің мынау ордабасы ауданына 30 ға жуық тазы келді. Созақ ауданынан келіп жатыр Бәйдібек ауданы бар. Жаман емес халық жалпы жақсы қолдап жатыр. Өзіміздің күшімізбен шамамыз келгенше істеп жатырмыз. Бірінші орынға үлкен тазыларға 120 мың теңге. Екінші орынға 80 мың үшінші орынға 50 мың теңге.


Көрмеге 40 тазы мен жас күшіктер де қатысты. Кинолог-сарапшылар олардың дене бітімін,аяқ сүйектерін,тісін, тырнағына дейін бақылап,тіпті қан тазалығына да баса назар аударды. Тұқымы таза деген тазылар «қансонар» қауымдастығына тіркеугеалынып, арнайы құжат берілді. Бұл құжат құмай тазылардың әлемдік деңгейдегі сайыстарға қатысуына мүмкіндік береді.


НИНА ЭФИЗОВА, САРАПШЫ

Мен біздің ұлттық құндылығымызға баланатын құмай тазы тұқымының жақсы популяциясына өте қуаныштымын.Жыл өтен сайын оның  саны да тұқымы да жақсарып келеді. бастапқыда тұқымдары аралас болған еді. Қазір мүлдем таза тазы тұқымы көбейіп келеді.


Бұл шара алтыншы жел қатарынан өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында 300 тазы тіркеуге алынып, ресми құжаттандырылған. Ордабасыда өткен көрме құмайлар сайысымен жалғасты.Шара соңында  аңға түсуден алғырлық танытып, жүйрік  шыққан  құмайлар анықталып, олардың иелері арнайы марапаттарға ие болды.