Егер сіз дрондармен, авиациялық технологиялармен және инновациялармен айналыссаңыз — бұл іс-шара сіз үшін! Шымкентте дронрейсинг және авиамодельдеу бойынша халықаралық байқаудың ашық іріктеу кезеңі басталды. Өнерпаз жастар арасында өтіп жатқан байқауды тілші әңгімелейді.

 Мегаполистің жас өнертапқыштары мен инженерлері арасында дронрейсинг және авиамоделдеу бойынша «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық байқауының қалалық  кезеңі қызып тұр.  Дрондар дамыған елдердің басты назарында. Қорғаныс, ауылшаруашылығы, жол қауіпсіздік ережелеріне сияқты көптеген салалаларда пилотсыз  әуе аппараты ауадай қажет. Өскелең ұрпақты осы жобаға ынтықтыру заман талабы –дейді ұйымдастырушылар.


ЗАРИНА КҮЛПАНОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Жастарымыз ішіндегі бағдарламасын сыртындағы темірлерін жинастырып құрастырып отандық өнім шығарса деген үміт бар. Осы дрондарды батыста көптеген салаларда қолданып жатыр. Бақылау барлау тіпті агро салада су себу бүрку апатты жағдайларда да пайдаланып жатыр.


Шымкенттік жастардың  бұл жобаға ықыласы ерекше. 100 ге жуық өнерпаз іріктеу кезеңінде өз бақтарын сынауда.  Жастар теориялық және практикалық дайындықтарының жоғары деңгейін, техникалық сауаттылығын және заманауи технологияларды сенімді меңгергенін танытуда.


МЕРУЕРТ МЕДЕТБЕКОВА, ӨРЛЕУ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ  АҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған екен Былтыр 500 ғана қатысушы болса биыл 2000 жуық үміткер өздерінің өтініштерін беріптц. Универмитет жыл сайын ұйымдастырады.

Аймақтық  іріктеуде  табысты өнер көрсеткен  қатысушылар  байқаудың финалдық кезеңіне жолдама алады. Әр өңірден жүзден жүйрік шыққан бір өнерпаз ғана ақтық сынға жолдама алады.  Финал Астана қаласында, Astana IT University базасында 19-20 ақпанда  өтеді.  Алда — шешуші кезең, онда құнды сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар сарапқа салынады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайды.