Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау бойынша жиын өткізді. Іс-шарада қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, мәслихат депутаттары еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған Конституцияның жаңа жобасы жөнінде ойларын ортаға салды.

Елімізде президент қайта сайлау құқығынсыз жеті жылдық бір реттік мерзімге сайланады.   Қайта сайлану құқығынсыз бір мәртелігі-бұл посткеңестік кеңістіктегі абсолютті жаңалық. Атазаңға  биліктің монополиялануына жол бермеу үшін 7 жылдық президенттік мерзімнің қайта сайлану құқығынсыз бір мәртелігі енгізіледі.


БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ  ҚАЛАСЫ  МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Өзімде сұрадым бір ретпе әлде 7 жылдан кейін тағы сайлануға болама деп. Конституция 300-500 жылға жазылып отыр. Қазіргі редакция бойынша бір адам бір рет сайланады. Конституция бір адамның немесе тұлғалардың мүддесі үшін жасалып отырған жоқ. Бұл халықтың, мемлекеттің мүддесін ойлап жасалып жатқан дүние екенін біз жеткізе білу керекпіз.

 Жиын барысында 32-баптағы азаматтардың бейбіт митинг өткізуіне шектеу қою ауқымын кеңейту туралы ұсыныс сөз болды. Ол бойынша қосымша себептер ретінде конституциялық құрылымның негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау секілді жаңа негіздер қосылады. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда бұл шектеулер адам өмірін сақтап қалуға себеп болатыны айтылды.


 БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ  ҚАЛАСЫ  МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Егер жер сілкінетін болса, дамба жарылып кеткен жағдайда мемлекет мына жерден көшу керек десеқауіпсіз аймаққа бару керек десе. БАҚ өкілдері блогерлер ой оның бірң өтіріп үйлеріңізден шықпаңдар деп отырса мыңда,ған адам қырылып кетуі мүмкінғой. Ұлттың қауіпсіздігі кезінде европада да шектеледі,

 Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына халықтан, саяси партиялардан көптеген ұсыныстар келген. Жарты жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізілген. Мәслихат төрағасы Конституцияның жаңа жобасында адам құқықтарын қорғаудың жаңа деңгейге көтерілгені, бір палаталы Парламентте заңдар тез қабылданатыны, Парламенттің, Үкіметтің жұмысын тиімді ететінін атап өтті.