Тұрғын үй кезегінде тұрған 26 Шымкенттік баспаналы болды. Жаңа пәтер кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстап, жылы лебізін жеткізді. Енді олар Асар-2, Бозарық және Тұран шағын аудандарында тұрады.
Махаббат Сапарқызы - Үй кезегіне 2015 жылы тіркелген. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып, қомақты жалақы төлеп келіпті. Бүгін көптен күткен арманы орындалып, 2 бөлмелі баспанаға қол жеткізді. Қуанышында шек жоқ.
МАХАББАТ САПАРҚЫЗЫ , ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Міне 10 жылдан бері кезегімді күтіп үй алдым. Үкіметке көп рақмет.»
Пәтерлер жалдамалы негізде, сатып алу құқығымен беріліп отыр. Осал санат азаматтарына айрықша көңіл бөлінген. Оның қатарында, ерекше жандар мен оларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, әке-шеше қамқорлығынсыз қалған тұлғалар бар.
ЕРКІН АҚЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ШҚФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «2025 жылы 235 арендалық үй берілді. 444 үй ипотекалық негізде берілген.»
Айта кетейік, былтыр тұрғын үй кезіндегі 1500 - ге жуық азамат баспана алып, қоныс тойын атап өткен. Оның қатарында сатып алу құқығымен жалдамалы пәтер алғандар мен ипотекалық негіздегі үйге қол жеткізгендер бар.