Конститутциялық реформаға сәйкес Қазақстан бір палаталы парламентке көшіп, оның атауын «құрылтай» деп бекітеді. Заң шығарушы органда 145 депутат жұмыс істейді. Сондай-ақ жаңа жүйеде «Вице-президент» лауазымы қосылады. Жаңарған ата заң қанша бап мен неше бөлімнен тұрады? Тілші тарқатып айтады.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
31 қаңтарда жаңа ата заң жобасы көпке ұсынылды. Оған сәйкес қолданыстағы конституцияның 9 бөлімі мен 77 бабына түзету мен өзгерту енгізілген. Бұл жалпы заңнамалық құжаттың 84 пайызын құрайды. Бұған түрткі болған халық пікірі мен елдің ұсынысы. Конституцияға енген өзгертулер елдің бұдан әрі өркендеуі мен билік жүйесін одан сайын жетілдіруді көздейді.   


Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Өзбекәлі Жәнібеков университетінің студенттерімен жүздесді. Жас өреннің ой-пікірін тыңдап, жаңа жобаның жөн-жосығын түсіндірді. Сөзінше, жаңа ата заң ел дамуына қажетті түгел тетікті жетілдіріп, барлық салаға серпін сыйлайды. Ел рухын асқақтатып, болмысын айшықтайды. Ғылым мен білім, әділдік пен теңдік қағидаттарын ұштайды.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 – «Ұлттық бірегейлігіміз көзге ұрып тұрған жоқ еді. Қазіргі конститутцияның кіріспесінің өзінде ұлы даладағы ұлы мемлекеттердің мұрагері екенімізді айқындап, айшықтап көрсеттік.»  «Университеттік білімге, ғылымға, технологияға ерекше мән беріліп отыр.»

Тарих факультетінің студенті Шұғыла Мұхит жаңа ата заң мәтінін мерзімді басылымнан оқыған. Қажетті тұстарын түртіп алып, ой елегінен өткізген. Достарымен талдап, пікірталас жүргізген. Айтуынша, жаңа ата заң мәтіні халыққа түсінікті, қарапайым тілде жазылған.

ШҰҒЫЛА МҰХИТ , СТУДЕНТ
– «Концтитутциялық реформамен таныстым. Жаңа ата заң ел игілігіне жұмыс істейтініне көзім жетті. Халыққа түсінікті тілде жазылған.»


Реворманы университет ұжымы да қолдап отыр. Ұстаздар Сәрсен Абайұлы жасаған баяндаманы ұйып тыңдап, оң пікір білдірді. Қайрат Анарбаевтың айтуынша, бұл білім саласына тың серпін береді.


ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ПРОРЕКТОРЫ
 – «Барлық құрылымдардың функцияоналдық қызметтері анық жазылған.»  «Толықтыруларды, халықтың пікірін ескере келе республикалық референдумда біздің ұжым да концтитутцияға дауыс береді деп ойлаймыз.»

Жиын барысында зиялы қауым өкілдері де өз пікірлерін ортаға салды. Студенттер мен ұжым мүшелері толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.