Шымкентте жалпы пайдалануға арналған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жер учаскесі «техникалық қызмет көрсету станциясы, сауда орталығы және сұлулық салонын» салуға арналған.
Еліміздің Жер кодексінің 26-бабына сәйкес, жалпы пайдалануға арналған аумақтарда орналасқан жер телімдері жеке меншікке берілмейді. Анықталған заң бұзушылықты жою мақсатында департамент Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер бойынша сотына Шымкент қаласы әкімдігінің шешімін және сатып алу-сату келісім-шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Сот талап арызды толық қанағаттандырды. Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, ал алғашқы сот шешімі өзгеріссіз қалды.