Қазақстанда аңду және жүйелі түрде мазалау әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қылмыстық кодекстің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг жасаған тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни шамамен 865 мың теңгеге көлемінде айыппұл салынады.
Сондай-ақ, құқық бұзушылар 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жолдау, әлеуметтік желілер арқылы бақылау - қылмыс болып саналады. Мұндай әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жағдайына тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан, Ішкі істер министрлігі сталкингтің заңмен қатаң жазаланатынын еске салады.