Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді.
Сондай-ақ Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет ата заң деңгейінде бекітілген. Жаңа мәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарының бағдарлануы. Осылайша, адам құқығы мен бостандығы жаңа Преамбулада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде айқындалған. Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет ата заңда бекітіледі.
АЙЖАН КЕСЕБАЕВА, ЗАҢГЕР
Заңгер ретінде айтатыным бұл жерде заң мен тәртіптің орын алуы. Құқықтық қоғам тәртіп орныққан қоғамның қалыптасуына үлес қосатын нормалар енгізілген. Және де конституцияда алғаш рет адвокаттар туралы айтылған. Әр-бір азаматтың қорғалуы, оның бір жасаған қылмысы үшін екінші рет жауапкершілікке тартылмайтындығы, азаматтардың жапғдайын нашарлататын заңдардың кері күшінің болмауы туралы баса көрсетілген.