Жаңа Конституция жобасында неке мен отбасы ең жоғары құндылықтар болып бекітіледі. Оған қоса мемлекет ресми тіркелген некені ғана мойындайды. Ал жанұя ұғымы ер мен әйелдің өзара ерікті әрі тең құқылы одағы ретінде айқындалады. Бұл өзгерісті сарапшылар қолдап отыр.
Қазақстан қоғамдық даму институтының дерегіне сүйенсек, ел азаматтарының шамамен 77 пайызы ұсынылып отырған бастамаларды қолдайды. Сарапшылар жаңа Ата Заң жобасы отбасы институтын нығайтуға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын жеткізді. Сондай-ақ болашақ заңнамалық бастамаларға нақты бағдар беретініне сенімді. «Конституцияда бекітілетін бұл қағидалар қоғамдық институттардың жұмыс бағытын айқындап, заңды неке мен отбасы құндылықтарын дәріптеуге негіз болмақ.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Дәстүр деп жатырмыз ғой. Дәстүр де де неке дегеніміз не? Әйелмен ердің арасындағы келісім. Екеуінің тең құықықты келісімі деп жатырмыз. Бұлда дәстүрге жанасып жатыр. Біздің бүгінгі ата заңымыздың жобасын қолдау керек, насихаттау керек. Бұл қазақстанның алдағы жүздеген жылдарға бағыи бағдары. Өркениет арқылы, білім арқылы және де бірлік арқылы. Ең басты құндылығымыз ол тәуелсіздік, ал тәуелсіздік тікелей бірлікке сүйеніп отыр.