Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітапханалардың қоғамдағы рөлі мен оларды ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын маңызды мәдени-білім орталығы ретінде дамыту қажеттігін атап өткен болатын.Дәл осы мақсатта созақ ауданының орталығы Шолаққорғанда ашылған жаңа кітапхана мәдениет пен руханият ордасына айналып отыр. Заман талабына сай салынған ғимаратта ауылдағы ағайын мен жастардың еркін білім алуына, ізденуіне, шығармашылықпен айналысуына толық мүмкіндік қарастырылған.

 Шолаққорғаннан заман талабына сай зәулім кітапхана ғимаратының ашылуы, Созақ жұртшылығы үшін тарихи әрі тағылымы терең күн болды. Бұл – тек бір нысанның пайдалануға берілуі емес, бұл – руханиятқа, білімге, болашаққа бағытталған игі қадам,деп аттап өтті аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков.Сонымен қатар, аудан басшысы ардагерлер мен тұрғындар тарапынан көтерілген өзге де әлеуметтік маңызы бар бастамалардың жүзеге асырылу барысына тоқталып,алдағы жоспарлармен бөлісті. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі аудандағы мәдени-ағарту саласының алтын діңгектерінің бірі болып қала бермек.  


 БОТАКӨЗ БЕКМҰРАТОВА,КІТАПХАНАШЫ
бізде кітап қоры 500 мыңға жуық оның ішінде қазақ тіліндегі оқулықтар 350. Қазіргі таңда біздің 25 мыңға жуық оқырманымыз бар. Заманауи кітапхананың салынуы біз үшін басты қуанышымыз.


Заманауи үлгіде бой көтерген қос қабатты ғимаратттың төменгі бөлігінде кітап сақтауға арналған қоймалар орналасқан. Бірінші қабатта акт залы, оқу залдары бар.Сондай-ақ, түрлі мәдени іс-шаралар, кездесулер мен танымдық жобаларды өткізуге де болады.Осындай мәдени ошақтарымыз көбейіп,жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігі арта берсін. Бұл – ел игілігі үшін жасалған ортақ еңбек,дейді бауырғы кітапханашы.  


АЙЫМКҮЛ ШЕРІМБЕТОВА,СОЗЫҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

«Кітап білім бұлағы,білім өмір шырағы»дейді адам кітаппен сусындап,кітапппен нәр алады. Кітап оқыса дами береді. Неқұрлым кітап оқыған жақсы. Мынау қазіргі жастар сотка көреді соткадан көрі кітап оқыса ол өмірлік оның азығы наны болып қалады шырақтарым. Өркендей бірсін. Біздің созақ ауданы жаман емес биыл спорт комплекісін берді міне бүгін кітапхана ғимаратын беріп отыр.


 Жаңа ғимарат заман талабына сай жабдықталып, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда жастардың еркін білім алуына, ізденуіне, шығармашылықпен айналысуына толық мүмкіндік бар. Кітапханада кітап оқумен қатар, түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар, кездесулер мен танымдық жобаларды өткізуге арналған кеңістіктер қарастырылған.