Шымкентте күлдіргіш газ сатқан үш ойын-сауық орталығы анықтылды. Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мен полиция күшті әсер ететін заттарды заңсыз өткізу бойынша рейд жүргізді. Нәтижесінде қала аумағындағы 3 лаундж бардан 6 дана азот оксиді құйылған металл баллондар және 2 қап шар анықталып, тәркіленді.Сондай-ақ, көңіл көтергіш газды қала аумағына таратушы тұлға анықталып, 416 газ құйылған баллондар тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚК 301-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар, қадағалау органы өкілдері күлдіргіш газды тұтынғандарға да жауапкершілік бар екенін ескертеді.
ЕРЛАН СӘДІБЕКОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСТАРЫ
Бүгінгі таңда шарды тұтынушыға әкімшілік жауапкершілк қаралған. ӘҚБтК-нің 440-1-бабының сәйкес әкімшілік қамау қарастырылған. Сонымен қатар, күлдіргіш газды сату 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қала тұрғындары мен қонақтарынан газды қолданбауды сұраймыз.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап "күшті әсер ететін заттардың" заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Аталған заттардың тізбесі денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген. Дәрілік заттардың айналымымен айналысатын заңды және жеке тұлғалар қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтауы қажет.