Конституцияның жаңа редакциясында Кіріспе бөлімі толығымен жаңадан жазылған. Онда Ұла даланың мыңжылдық тарихына сүйеніп, Ата Заңның негізгі мақсат-мұраттары айқындалды. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы талқыланды. Жобаны түсіндіру бойынша оқытушылар, студенттермен кездесу жиыны өтті.
Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат жөнінде кеңірек әңгіме өрбітті. Жаңа редакциядағы Ата заң елімізде адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны мемлекеттік қызметтің басты стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Сәрсен Абайұлы қазіргі жаһандық бәсеке мен әлемдік тұрақсыздық кезеңінде кез-келген елдің қуаты оның табиғи байлығымен емес, интеллектуалды әлеуеті, білім сапасы мен ғылыми жетістіктері арқылы өлшенетінін атап өтті.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Зман ағысыда саясат барысы да барлығы өзгеруде. Соған орай біздің де Конституцияны өзгертуге тура келцп отыр. Ол кездегі жағдайды білесіздер совет одағы шапанының етегінен жаңадан шыққан кездер болатын.
Конституцияның жаңа редакциясын қабылдау заңды ұйғарым, бастысы қазіргі заман талаптарына, қоғамның сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келеді. Жаңа Конституция – бұл елдің ұзақ мерзімді дамуын бағыттайтын темір қазық, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыратын негізгі құжат. Оқытушылар мен студенттер Ата заңның жобасы еліміздің қарыштап дамуына оң ықпал етеді -деп отыр.
ҚАНАТЖАН КЕМЕЛБЕКОВ, ОҚМА ДЕКАНЫ
Біздің академиямызда 8 мыңға жуық студент білім алады. Білім алушылар референдумды дұрыс қаьылдап отыр. Жасанды интелект дамудың шегі.
МЕРЕЙ АСҚАР, ОҚМА СТУДЕНТІ
Конституцияда ешқандай тіл бағытында дін бағытында білім ғылым саласындағы бағыттай ешқандай өзгеріәске ұшыраған жоқ. Бұл жоба халықтың игілігіне адами негіздерге сүйеніп жаңғырған. Аиа заң қарапайым қалық үшін дұрыс бастама.
Жаңа жобада Вице-Президент институты, Халықтық кеңес, Адвокатура және басқа да маңызды жаңа институттар мен ұғымдар енгізілді. Бұл өз кезегінде билік бір адамның қолында кетпейтіндігінің дәлелі. Іс-шарада оқу орнының ұстаздары, шәкірттері де өз ойларын ортаға салды. Жаңа редакциядағы Ата заң жөнінде сұрақ қоюшыларға жан-жақты жауап берілді.