Қылмыстың алдын-алу полицияның ғана міндеті емес, дүйім жұртқа ортақ жауапкершілік. Қоғам осы пікірде. Алқалы жиында қала әкімі де қоғамдық қауіпсіздік қағидатын күшейту қажетін айтты. Құқықбұзудың залалы мен зардабын санамалап, теріс ниетті әрекеттердің алдын-алу керегін нұсқады.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Кісі қылмыскер болып тумайды, оны теріс жолға бастайтын өзі ерген орта ықпалы. Балаға ата-ана үлгі, қоғам ақпарат. Ол сіз бен біз нұсқаған бағытқа сенеді, көргенін көшіреді. Демек, кемел тұлғаны басқа емес, тұтас қоғам тәрбиелейді. Ендіше мұндай жауапкершілікті әрбір тұрғын сезініп, қоғамдық тәртіпке бейімделгені абзал. Этика талаптарын сақтап, дөрекіліктен бас тарқан жөн. Құқықтық сауатты жетілдіріп, заң шеңберінде әрекеттенген дұрыс. Қорыты айтқанда, өзіміз қалаған мінсіз қоғамды жұмыла қалыптастыруымыз қажет. Ғабит Сыздықбеков осыны меңзейді.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Өзіміз жақсы мемлекетте тұрғымыз келеді. Жақсы мемлекетте өмір сүргіміз келсе өзімізден бастауымыз керек.» «Біз түсінуіміз керек.. Айыппұл төлемеу үшін өзіміз бұзбауымыз керек ережелер мен заңдарды.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Жауаптылардың мәлімдеуінше, мас хәлде жасалған қылмыстар саны 23 пайызға өсіп, алкогольді заңсыз сатқан 374 дүкен анықталған. Оның 32-сі ащщы суды жасөспірімдерге саудалап келген. Өткен жылы полиция жеке тұлғаларға қатысты 366 қылмысты ашқан. Оның 14-і кісі өлтіру, 48-і денсаулыққа ауыр зиян келтіру және 56 бұзақылық фактілері.Жыл басынан бері, яғни Қаңтар айында 703 қылмыстық дерек тіркелген. Оның басым бөлігін жұмыссыздар жасаған. Алайда, қабылданған шаралардың арқасында жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын қылмыстар саны 44 пайызға төмендеген.
АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
– «Былтырғы жылдың есептік кезеңінде 49 қылмыстық топ, алаяқтық қылмыстары бойынша 65 қылмыстық топ, тонау бойынша 23 топ әшкереленіп, жалпы 1438 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Іздестіру шаралары барысында іздеуде жүрген 121 адам ұсталды. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 250 адам табылды.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Арман Бейсенбаевтың айтуынша өткен жылы тәртіп сақшылары бұрын жасалған 286 қылмысты ашқан. Оның қатарында 20 жыл алдын орын алған кісі өлтіру дерегі бар. Былтыр сондай-ақ ұйымдасқан қылмысқа қатысты 121 іс анықталып, 94 азамат қамауға алынған. 292 түрлі қару мен 540-тан аса оқ дәрі тәркіленген. 403 келі есірткі заты анықталып, психотроптық зат саудасына қатысты 2 мыңға жуық интернет сайт бұғатталған. Улы өнім сатумен айналысқан 1966 банк шоты бұғатталып, 49 млн теңгеге жуық заңсыз қаражатқа шектеу қойылған.
ӨРКЕН СЕЙІТОВ, ҚР БП ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
– «2025 жылы құқық бұзушылық саны 2,6 пайызға өскен. Ауыр қылмыстар 14 пайызға, қылмыстық теріс қылмыстар 30 пайызға өскен. Жалпы қылмыстың 64 пайызын жұмыссыздар жасаған.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Қала әкімі жауапты орган қызметкерлеріне жұмысты ширатуды, жедел әрекет жасап құқық бұзушылықтардың алдын алуды тапсырды.