Газдан уланудың алдын алу мен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Төтеншеліктер мен газ техникалық қызмет мамандары Абай ауданы Қайнарбұлақ саяжаяында үй-үйді аралап үгіт-насихат жүргізді.
Қайнарбұлақ саяжайы өрт пен улану оқиғалары жиі орын алатын аймақтардың бірі. Мұнда табиғи газдан бөлек, қатты отын жағатын тұрғындар бар. Төтеншеліктер апатты жағдайларының алдын алу үшін аула аралап, түсіндірме жұмыстарын жүгізуде. Сондай-ақ, көмір жағатын баспаналардың мұржасын тазалады.
АБЫЛАЙ ОРЫНТАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ
Қайнарбұлақ саяжайында мұржа тазалу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, әлеуметтік осал топтағы отбасылар, көп балалы отбасылар және мүгедтігі бар қарт кісілердің түтін мұржаларын тазартудамыз.
Түсіндіру жұмыстары кезінде үйлерге улы және зиянды газдардың шоғырлануын анықтайтын газ сигнализаторлары орнатылды. Жыл басынан бері Абай ауданында 15 газдан улану дерегі тіркелген. Қаза тапқандар жоқ.
ЖАНДОС ОРДАБАЕВ, «ГАЗ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шара барысында ақаулықтар анықталса, сол жерде тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Егер табиғи газ жағынан ақаулықтар анықталып, адам өміріне тікелей қауіп төнетін жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарлап газдан уақытша ажыратуға тырысамыз.
Жауапты мамандар жылыту маусымы басталғалы 150 мыңға жуық тұрғынды қамтитын, 60 мыңнан астам үй аралау жұмыстарын жүргізген.