«Таза Қазақстан» эко акциясы аясында 200-ге жуық ерікті тазалық жұмыстарына үлес қосып, белгіленген аумақты күл-қоқыстан тазартты. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру.


 Қар жауып, жер беті ақ ұлпаға оранғанда Шымкенттіктер "Ақтас" шағын ауданына барып, осылай көңіл көтереді. Биік-биік жота-қыраттардан сырғанап, мезгіл атмосферасын сезінеді.


 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Алайда өкінішке қарай бәрі бірдей өздері қалдырған қоқыс-шығындыларды теріп, аумақты ретке келтіре бермейді. Салдарынан, аймақ міне мынадай поэлетелин пакеттері мен тұрмыстық қалдықтарға толады.


Жағдайды ретке келтіру үшін 200-ге жуық ерікті мен пәленше техника іске кірісті. Олар қоқыс толы аумақты әп-сәтте тазалап, жазық даланы түлетті.

Жанель Абилхан - тазалық жұмыстарына жүйелі түрде қатысып отырады. Қоршаған орта тазалығына үлес қосып, абаттандыруды азаматтық борышы санайды. Кезекті сенбілікке құрбы-құрдастарын шақырып, жұмыла әрекеттенді.


Еріктілердің көңілін көтеріп, серпілтіп алу мақсатында Жастар ресурстық орталығы флешмоб ұйымдастырды. Онда белсенбі студенттер би билеп, ән шырқады. Одан кейін арнайы автобустарға жайғасып, діттеген мекен-жайға аттанды. Ұйымдастырушылар жас өрен қауіпсіздігін түгел қамтамасыз етті.


Сенбілікке 200 студентпен қатар Тұран ауданының комуналдық қызметкері қатысты. Жиналған қоқыстар арнайы техникаларға тиелеп, қоқыс полигонына жөнелтілді.