Мегаполисте көркем гимнастикадан жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде. Қаладағы «Көркем гимнастика спорт кешенінде» 300 ден астам спортшы бақ сынасуда. Жастар арасындағы жарысты тілші әңгімелейді.
Аш белі қайысқан, тал шыбықтай майысқан бұл бұрымдылар өз аймақтарының саңлақтары. Олар ақпаның 04-07 күндері аралығында кіл мықтыдан кім мықтыны анықтайтын болады. Чемпионатта оза шапқандар азия әлемдік жарыстарға іріктеледі.
ӘЛИЯ ЮСУПОВА, ГИМНАСТИКАДАН ҚР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Республикадан бастап іріктеу басталды Қазір бәрін көріп шығып жатырмыз. Төрт күннің ішінде көреміз. Кім азияға баратынын анықтаймыз.
Айтқандай 2023 ші жылы өткен Азия ойындарында қазақстандық гимнасшылар 2 күміс 1 қола жүлде иемденген. Биылғы жарысқа тиянақты дайындық жұмыстары жүріп жатыр –дейді федерация президенті. Чемпионатта 2010 ж.т. және одан жоғары жастағы спортшылар жарысуда. Қазақстанның барлық облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 17 команда келген.
ГҮЛВИРА ДЕЛДІБАЕВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
қыздарды спорт шеберіне кондидат қыздарды дайындадым. Олар топтық командада шықты бүгін. 5 доппен шықты менің көңілімнен шықты жоғары бал алдық.
Жарыстың Бас төрешісі, Халықаралық дәрежедегі төреші –Есикова Екатерина Николаевна. Бүгінгі таңда, қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде 38 жаттықтырушы-хореографтар құрамы 400-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Шымкенттік спортшылар бұл чемпионатта жоғары дәрежеде өнер көрсетуде.
300 ДЕН АСТАМ СПОРТШЫ БАҚ СЫНАУДА