Шымкенттік жас өнертапқыштар Қазақстандағы алғашқы «Өмір капсуласын» ойлап тапты. Олардың айтуынша құрылғы апатты жағдайларда адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түрлі табиғи және техногенді апат салдарын жоюға көмектеседі. Цифрлық жүйеге негізделген капсула тау мен таста, көл мен шөлде еркін жүреді. Тақырыпты жас ғалымдармен жүздесіп қайтқан тілші сабақтайды.
Марлен биыл мектеп бітіреді. Мирас тоғызыншы сыныпта оқиды. Олар екі жылдан бері осы жобамен айналысып келеді.Капсула күн көзінен қуат алады. Құрылғының басты ерекшелігі «SOS» батырмасы кез келген жерде жұмыс жасайды. Ішінде монитор, ауа тазалағыш пен басқару тетіктері орналасқан.
МАРЛЕН ХАЛЫҚ, ЖАС ҒАЛЫМ
Бұл жерде біз екі адамға дейін сияды. Ал болашақта біз бұны бес адамнан он адамға дейін жұмыс жасасақ па деп отырмыз. Бұдан бөлек біз болашақта бұған қосымша қолдар ойлап тауып не болмаса астына жүретін бурсиницалар ойлап тапсақ деген ой бар және жасанды интеллект арқылы жұмыс жасаса робот өзі автоматты түрде кез келген жоспарды өз қолына алып сол жерде шешім қабылдай алады.
Робототехниканың болашағы жасанды интеллектпен тығыз байланысты, сол себепті осы салаға қызығып, арнайы курстарға қатысып келемін - дейді Мирас.Өнертапқыштар алдағы уақтта капсуланы жетілдіріп, қосымша құрылғылар қосу арқылы барлық салаға қолдана беруге ыңғайлы әмбебап дүние етіп жасамақшы.
МИРАС СЕЙДУЛЛА, ЖАС ҒАЛЫМ
Бұл роботта сегіз балоны бар өзінің, арнайы F3 бағдарламасымен жасалған. Бұл роботтың өте бір жақсы пайдасы бұл капсуланы арнайы бір қазба байлығы бар жерге апарады да, қауіпті немесе қауіпсіз екенін анықтайды және де бұл пульт роботтың пульті. Бұл жерде роботты арнайы жүргізуге және де өзінің оңға, солға бұрылуға арнайы құрылғысы бар.
Құтқару капсуласының әзірге қазақстанда баламасы жоқ. Шәкірттер жетекшілерімен бірлесіп жобаның ғылыми негіздесемеін толық жасап шыққан. Ендігі армандары жобаны паттентеп, өндіріске енгізу.
ГАУХАР ОРАЗОВА, ЖЕТЕКШІ
Ғаламтордан қарап көрдік байқағанымыздай ол Японияда бар екен. Бірақ біздің Қазақстанда мұндай капсулалар өкінішке орай жоқ екен. Соған біз оқушыларымызқбен бірге кішкене макетін жасап көрдік. Осы макетті біз ғылыми жоба ретінде қалалық және облыстық деңгейде ғылыми жоба ретінде қорғап шықтық.
Бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған білікті ұстаз екі жыл бұрын мектеп жанына арнайы Роботехника курсын ашқан.Бір ерекшелігі оған көп балалы отбасыдан шыққан оқушылар қатысады. Жас ғалымдар осы аралықта көптеген тың жобалар жасап, түрлі байқауларда топ жарған. Жас өнертапқыштардың тың туындысы Түркістан қаласында өткен Ontustik FIRST Qualifier 2026 байқауда жеңімпаз атанған.